Елордада тұман мен көктайғақ күтілсе, Алматыда аптаның ортасында жаңбыр мен қар жауады. Ал Шымкентте ауа температурасы +24 градусқа дейін көтеріледі
23-25 қараша күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елордада жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Алматыда аптаның ортасына қарай жауын-шашын болып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ал Шымкентте 24 қарашада жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана
23 қарашада елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде, негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын түсіп, күндіз де жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5 градус, күндіз +6+8 градус болады.
24 қарашада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Түнде ауа температурасы 0+2 градус, күндіз +2+4 градус.
25 қарашада түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, күндіз +3+5 градус болады.
Алматы
23 қарашада Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +6+8 градус, күндіз +16+18 градус.
24 қарашада кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +17+19 градусқа дейін көтеріледі.
25 қарашада түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Тұман болып, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +7+9 градус, күндіз +15+17 градус.
Шымкент
23 қарашада Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +11+13 градус, күндіз +22+24 градус болады.
24 қарашада кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде ауа температурасы +9+11 градус, күндіз +15+17 градусқа дейін төмендейді.
25 қарашада жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде ауа температурасы +6+8 градус, күндіз +18+20 градусқа дейін көтеріледі.