Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады

Автор: Алмас Ерсін

22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елордада тұман түсіп, көктайғақ күтілсе, Алматыда аптаның басында жаңбыр жауады. Ал Шымкентте найзағай ойнап, ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астана

22 қарашада елордада аспанды бұлт торлап, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз +6+8 градус.

23 қарашада түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0+2 градус, күндіз +4+6 градус болады.

24 қарашада да жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 0+2 градус, күндіз +2+4 градусқа дейін төмендейді.

Алматы

Алматыда 22-23 қарашада жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +5+7 градус, күндіз +15+17 градус шамасында сақталады.

24 қарашада қалада кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +9+11 градус, күндіз +15+17 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкент

22 қарашада Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде ауа температурасы +8+10 градус, күндіз +18+20 градус.

23 қарашада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +21+23 градус болады.

24 қарашада да кей уақытта жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, түнде екпіні 18 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +8+10 градус, күндіз +13+15 градус болады.