Астанада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Астанада күндіз +7, Алматыда +15 градусқа дейін жылынады. Ал Шымкентте алдағы үш күнде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Елордада түнгі температура нөлден төмен болғанымен, күндіз біртіндеп жылынады. Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, Шымкентте жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада күндіз 7 градусқа дейін жылынады

19 қарашада елордада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік бағыттан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -4…-6, күндіз +1…+3 градус болады.

20 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -2…-4, күндіз +3…+5 градусқа дейін көтеріледі.

21 қарашада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1…-3, күндіз +5…+7 градус жылы болады.

Алматыда жауын-шашынсыз күндер күтіледі

19 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты болады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4, күндіз +12…+14 градус болады.

20–21 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +5…+7, күндіз +13…+15 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте үш күн бойы жаңбыр жауады

19 қарашада Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз жел екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +6…+8, күндіз +18…+20 градус болады.

20 қарашада түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғып, түнде және таңертең екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +18…+20 градус болады.

21 қарашада күн құбылмалы бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғып, кей уақытта екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +11…+13, күндіз +18…+20 градус болады.