Әйел психиатриялық диспансерде үш ай бойы болады
Абай облысында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтқан әйелді анықтады. Ол психикалық денсаулық орталығына үш ай мерзімге мәжбүрлі түрде жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, әйелдің жеке басы жедел анықталған. Ол – Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Мадина Баяхметова. Тамыз айында да осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін сот оған әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындаған.
Бұл жолы полиция қызметкерлері әйелдің тұрғылықты мекенжайына жедел жәрдем бригадасымен бірге барған. Сондай-ақ оның бірге тұратын азаматы тарапынан шағым түскені белгілі болды.
Әйел психикалық денсаулық орталығында үш ай мерзім бойы мәжбүрлі түрде ем қабылдайды.