«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

Кандидаттар партияның 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы бастамаларына тоқталды

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады
Фото: партия филиалының баспасөз қызметі

Алдағы бес жылда «Әділет» партиясы Жетісу өңірінде 6 мәдениет нысанын салып, 16 мәдениет нысанын жөндеуге мұрындық болмақ. Дәл осындай ақжолтай жаңалықты «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Амангелді Ғабділкәрімұлы, Данияр Тұрғанбекұлы мен Жайық Тазабекұлы Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының қызметкерімен кездесуде сүйіншіледі. Мәдениет және өнер саласының өкілдері қатысқан кездесуде кандидат партияның 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы етжеңді бастамаларын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партия филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, өңірдің алдағы даму бағыттары жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Алғаш сөз алған Амангелді Ғабдылкәрімұлы мемлекет басшысының Жолдауына да тоқталды. Айтуынша, президент цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту бағытын-да нақты шаралар бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Технологиялық жаңғыру еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашы-луына және халықтың табысын өсіруге тікелей әсер етеді.

«Мемлекет басшысының Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдыру жөніндегі тапсырмасы – елді мекендердің келбетін жаңартып қана қоймай, халыққа қажетті әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастама. Осы орайда ұсынылған «Халықтық құрылыс» жобасының мәні ерекше. Атауының өзінен аңғарылғандай, оның негізгі мақсаты – құрылыс жұмыстарын халықтың нақты сұранысымен ұштастыру», - деді кандидат.

Мұнан соң Данияр Тұрғанбекұлы сайлауалды бағдарламадағы негізгі міндеттерді таразылады. Партия халықтың этномәдени алуандығын ескере отырып, мәдениетаралық сыйластықты нығайту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және мәдени игіліктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.

 «Біз өңірде креативті хабтар мен комьюнити-орталықтарды қоса алғанда, жастардың мәдени, шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған заманауи кеңістіктер құрамыз», - деді спикер.

Үшінші болып Жайық Тазабекұлы сөз тізгіндеді. Оның айтуынша, саяси ұйым өкілдері партияның ортақ басымдықтарын облыс тұрғында-рының қажеттіліктерімен ұштастыруды көздейді.

«2031 жылға қарай Жетісуда экономикалық өсім лайықты жұмыс орындарын құрамыз. Әрбір өңір тұрғынының табысын арттырып, сапалы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеміз, инфрақұрылымды жаңғыртамыз. Облыстың әрбір қаласында, аудан орталығында, ауылдық елді мекенінде өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырамыз», - деді Жайық Тазабекұлы.

Кездесу соңында сала өкілдер ашық пікір алмасу үшін партия өкіл-деріне алғыс білдіріп, саяси науқанда «Әділет» партиясын қолдайтындарын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.