Алматыдағы екі қабатты ғимараттан өрт шықты

Автор: Дәулет Ботагөз

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды

Фото: ТЖМ

Алматы қаласы Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта төтенше жағдай болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жақын маңдағы нысандарға таралу қаупіне байланысты дереу өрт сөндіру оқпандары берілді.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмыс істеп, арнайы өрт сөндіру штабы құрылды.

ТЖМ өкілдерінің мәліметінше, жағдай толық бақылауда. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.