14 қарашада республиканың 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі
Бүгін, 14 қарашада республиканың 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларкүтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері атмосфералық ауаны ластаушы заттардың жиналу қаупі артады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар еліміздің бірқатар қаласында сақталады.
Атап айтқанда, солтүстік және орталық өңірлерде Павлодар, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында қолайсыз метеожағдайлар күтіледі. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде Шымкент, Түркістан, Талдықорған және Алматы қалаларында ауа сапасының қолайсыз жағдайлары сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады: