Гүлзат Көбенова 2023–2025 жылдары Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетін басқарған
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Гүлзат Ызбасарқызы Көбенова Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушы болып бастаған. Кейін Білім және ғылым министрлігінде, Президент Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында және Ғылым және жоғары білім министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2023–2025 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетін басқарған.