Олардың ісі сотта қаралып, үкім шықты
Ақтауда ерлі-зайыпты жезөкшенің клиенттерін қорқытып, олардың ақшаларын тартып алмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар интимдік қызмет көрсететін адамды қорқытып, бопсалап, клиенттерінің кім екенін біліп алған. Ары қарай клиенттеріне шығып, 3 млн теңге талап еткен.
Ерлі-зайыпты ұсталып, олардың ісі сотта қаралды.
«Сот А.-ға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, ал Р.-ға жазаны өтеуді 1 жылға кейінге қалдыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Айта кетейік, Бас прокуратура «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған өзбекстандық әйелді Қазақстанға экстрадициялады. Ал Шымкентте полицей мен әйел адам бірігіп, 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқаны әшкере болған.