Синоптиктер ауа райының күрт өзгеретінін ескертті
Қазақстанның үш ірі қаласында алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматыда жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Ал Шымкентте де жауын-шашын мен тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана
10 қарашада елордада күн құбылмалы болады. Түнде аздаған қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3, күндіз -1…+1 градус болады.
11 қарашада жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Түнде ауа температурасы -3…-5, күндіз 0…+2 градусқа дейін көтеріледі.
12 қарашада да жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3–8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2…-4, күндіз 0…+2 градус болады.
Алматы
10 қарашада Алматыда күн құбылмалы болады. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +18…+20 градус болады.
11 қарашада қалада бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтіледі. Кей уақытта жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел біртіндеп солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады, күндіз одан әрі төмендейді.
12 қарашада түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +5…+7 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкент
10 қарашада Шымкентте күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +12…+14 градус болады.
11 қарашада күн құбылмалы бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады.
12 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр бо