Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарындағы және V Азия параойындарындағы жетістігі үшін спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Парасат» орденімен
- Берульцева Софья Полихроновна – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы.
«Құрмет» орденімен
- Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы;
- Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы;
- Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы;
- Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
- Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы.