Тұман түсіп, жаңбыр жауады: 8 қарашада бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Синоптиктер елдің барлық өңірінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ пен қатты жел болатынын ескертті. Бірқатар аймақта өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады

8 қарашада Қазақстанның бүкіл аумағында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болатынын ескертті. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында күндіз жаңбыр мен қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жауын-шашын кей уақытта қатты болады, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түседі. Күндіз оңтүстік және шығыс аудандарда оңтүстік-батыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда күндіз жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта қатты жауын-шашын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде батысы мен оңтүстік-батысында, күндіз бүкіл өңірде жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болады. Күндіз оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын қатты түседі. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады. Павлодар қаласында да осы уақытта тұман күтіледі.

Қарағанды облысында солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысы мен орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады. Батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда тұман күтіледі.

Ұлытау облысында солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі. Күндіз шығысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Шығысында тұман түседі. Солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысында түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Мұнда да жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде) түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады.

Жамбыл облысында таулы аудандарда тұман түседі. Таулы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Күндіз батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Қалада да жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында түнде оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар жауады, орталығында кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

Атырау облысында шығысында кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, батысы мен орталығында жауын-шашын қатты болады. Батысы мен орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда жаңбыр жауып, түнде кей уақытта қатты нөсер күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда түнде жаңбыр мен қар жауып, түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.