Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде «концерт тоқтатылды» деген жалған ақпарат та тараған

Фото: скриншот

Алматы қаласында өткен Меладзенің концертінде көрермен арасында жанжал туындаған. Тәртіпке жауапты қауіпсіздік қызметінің өкілдері бұзақылық жасаған азаматтарды бірден залдағы алаңнан сыртқа шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қарамастан музыкалық кеш тоқтатылған жоқ, жоспарланған штаттық режимде аяғына дейін жалғасты.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру нәтижесінде жанжалға қатысы бар үш әйелдің жеке басы анықталды. Олардың екеуі Алматы облысының, біреуі Тараз қаласының тұрғыны.

Алматы облысының бірінші тұрғыны сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Екінші әйел қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік айыппұл арқалады. Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде «концерт тоқтатылды» деген жалған ақпарат тараған. Полиция мониторинг барысында Instagram желісінде осы жазбаны жариялаған аккаунт иесін анықтады.

Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін парақша иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.