«Өкпе обырын ерте анықтайтын стартап жасаған»: АҚШ-та қазақ ғалымы қайтыс болды

Автор: Тәжібай Әлия

Ол АҚШ-қа 1995 жылы қоныс аударған

Фото: QIST

Белгілі физик, MedTech саласынының білікті маманы, ғалым Манат Мауленбайұлы АҚШ-тың Калифорния штатында қайтыс болды. Бұл туралы Qazaq International Science and Technology Association (QIST) ұйымы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ал АҚШ-қа 1995 жылы қоныс аударған. Кейін ғылыми бағытын медициналық физика мен онкология саласына ауыстырды. Ал 2025 жылы өкпе обырын ерте анықтауға арналған  AIxSCAN, Inc. стартапын жасады.

QIST ұйымы ғалымның отбасы мен жақындарына, достары мен әріптестеріне көңіл айтты.

«Қаралы хабар Qazaq International Science and Technology Association қауымдастығы мүшелерінің қабырғасын қайыстырды. Манат Мәуленбайұлы халықаралық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым.  Оның  еңбегі мен артында қалдырған мұрасы мамандарға бағыт-беретініне сенеміз. QIST атынан марқұмның отбасы мен жақындарына, достарына, әріптестері мен оны танитын барлық адамға қайғыра көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!», - деп жазды қауымдастық.

Айта кетейік, Манат Мәуленбайұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай аймағында дүниеге келген этникалық қазақ. Физика факультетінде білім алып шыққаннан кейін ғылым жолындағы қызметін Қытайдағы ғылым академиясында бастаған. Кейін Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Сэмюэл Тингтің зерттеу тобына қосылып, CERN ұйымында да жұмыс істеді. Сонымен қатар Цюрихтегі жоғары техникалық мектебінде еңбек еткен.  Кванттық электродинамика және атом физикасы бағытында докторлық диссертация қорғап, Швейцарияда PhD дәрежесін иеленді.