Науқаспен байланыста болғандар 10 күн медициналық бақылауда болуы керек
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға менингококк инфекциясының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Менингококк инфекциясы – жедел менингит (ми қабықтарының қабынуы), менингококк сепсисі (қанның инфекциялануы), кейде назофарингит (мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы) түрінде көрінуі мүмкін жұқпалы ауру.
Белгілері
Алғашында кәдімгі суық тиюге ұқсас белгілер байқалады:
Одан кейін аурудың негізгі белгілері пайда болады:
Ауру ауа-тамшы жолы арқылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде жұғады. Мамандардың айтуынша, бұл инфекциямен көбіне бір жастан екі жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі жастар ауырады. Аурушаңдық қыс-көктем мезгілінде артады.
Менингококк инфекциясы кереңдікке, балалардың ақыл-ой дамуының тежелуіне, сирек жағдайларда сал ауруына әкелуі мүмкін.
Алдын алу шаралары
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті менингококк инфекциясы кезінде өз бетінше емделуге болмайтынын ескертеді.