Мәслихат сайлауы: Қарағандыда «Әділет» партиясының кандидаттары қариялармен кездесті

Автор: Асыл Арман

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойды

Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Қарағанды қаласындағы Орталық саябақта орналасқан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлермен кездесу өтіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуге «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар – Меруеш Башай, Увайс Джанаев, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты.

Басқосуда олар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жайлы жан-жақты түсіндіріп, қарияларға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, дәрігерлерге қаралуын оңайлату және олардың қоғам өміріне белсенді араласуы секілді мәселелер талқылады.

«Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен қоғамға қосқан үлесі ерекше құрметке лайық. Зейнет жасындағы азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Сол себепті олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерін назарға алу қажет», – деді Увайс Джанаев.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Басқосуға 80-ге жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б. Қ. Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.