Оларда Каспий теңізінің жағасында екі қазақстандық күтіп отырған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел азаматтарының Каспий теңізі арқылы Қазақстанға бірнеше қап есірткі жеткізіп, сатпақ болғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, биыл 1 қараша күні Шекара қызметі қайыққа мініп, қашып бара жатқан үш шетелдіктің ізіне түскен. Ал оларды жағада екі қазақстандық күтіп отырған көрінеді.
«22 кг апиын, 27 кг гашиш, 60 кг марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді. Осы жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялаған жоқ.