Жымысқы ойын Instagram желісіне хабарландыру жариялаудан бастаған
Астанада жиһаз жасап беремін деп елді алдап, 15 адамның 21 млн теңгесін сыпырып алған қылмыскер сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол жиһаздан бөлек үйдің төбесін де жөндейтінін айтқан. Ал жымысқы ойын Instagram желісіне хабарландыру жариялаудан бастаған. Елдің сеніміне кіру үшін келісімшарттар жасап, соның негізінде қолма-қол немесе аударым арқылы ақша алған.
Осы әдіспен 15 адамды алдап, олардың 21 млн теңгеден астам ақшасын жинап алған.
Сотта оның кінәсі толығымен дәлелденіп, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сол сияқты 15 адамға келтірген шығынды қайтаруы тиіс.