Прокуратура басқарма басшысына қандай жаза қолданғанын хабарлады
Қызылорда облысында басқарма басшысы кәсіпкерлердің жұмысына негізсіз кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «TEMA RETAILKZ» ЖШС-ға прокуратурамен келіспей жедел ден қою шарасын қолданған.
Айта кетерлігі, жедел ден қою шарасы әдетте аталған кәсіпорынға алдын ала берілген хабарлама орындалмаған жағдайда немесе өрескел заңбұзушылықтар анықталғанда қолданылады.
Аталған басқарма осы шараларды прокуратураның келісімінсіз орындап, тек тиіс шешім қабылданғаннан кейін ғана жолданған.
«Прокуратура бұл шешімнің негізсіздігіне байланысты бас тартты. Заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін қалалық басқарманың басшысы мен бас маманы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың әрқайсысына 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.