Елдің бес қаласында жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман болуы мүмкін
Қазақстанда 2 қарашада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Бес қалада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +3...+21 градус аралығында болса, түнде кей өңірлерде -8 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +6...+8 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +6...+8 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +9...+11 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Атырауда аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +16...+18 градус болады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +5...+7 градус болады.
Петропавлда бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +5...+7 градус болады.
Семейде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +8...+10 градус болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Түнде ауа температурасы -6...-8 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Оралда құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +13...+15 градус болады.
Өскеменде бұлтты. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +7...+9 градус болады.