Синоптиктердің алдағы үш күнге арналған болжамы жарияланды
«Қазгидромет» қазан айының соңғы күндері мен қараша айының алғашқы күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Осы күндері жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ал елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.
«Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түседі», – делінген синоптиктер болжамында.
Елімізде жалпылай алғанда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.