Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше сағат ішінде екі бірдей жер сілкінісі болды

Автор: Асыл Арман

Олардың магнитудасы 4,8 және 5,1 балл болды

Фото: istockphoto.com

Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,8 және 5,1 болатын екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Қазақстанмен шекаралас Қытай аумағында орналасқан. Сонымен алғашқы жер асты дүмпуі 28 қазан күні сағат 20:40-та болған. Оның магнитудасы – 5,1, ал энергетикалық класы – 11,9.

Екінші жер асты дүмпуі де дәл осы маңайда 29 қазан күні Астана уақытымен 03:42-де болған. Оның магнитудасы – 4,8, ал энергетикалық класы – 11.