Бюджет жобасына дәрігерлердің жалақысын көбейтуге кететін шығысты қосу керек – Бектенов

Автор: Махан Миражан

Жалақы 2027 жылдың  1 қаңтарынан бастап көбейеді

Фото: Үкімет баспасөзінен

Премьер-министр Олжас Бектенов учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40 пайызға дейін көтеруге қажетті қаражатты бюджетке енгізуді тапсырды. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері үшжылдық бюджет жобасында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көтеруге арналған шығыстарды қарастыруы керек.

«Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, 70 медициналық нысанның құрылысын уақытында аяқтап, пайдалануға беруді қамтамасыз етуі тиіс. Олардың қатарында 8 перинаталдық орталық пен 9 көпсалалы балалар ауруханасы бар», - деді Бектенов.

Бұдан бөлек, Бектенов балаларға медициналық-оңалту көмегін қолжетімді ету үшін Ұлттық балаларды оңалту орталығының өңіраралық филиалдарын салу мәселесін қарау керек екенін атап өтті.

Олжас Бектенов алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті жаңғыртуға, аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтауға басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, олардың диагностикалық зерттеулерді өз бетінше тағайындау мүмкіндігін арттыру қажеттігін атап өтті.