Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +6…+19 градус аралығында болады, ал кей өңірлерде түнде сынап бағаны -6 градусқа дейін төмендейді.
29 қазанда Қазақстан аумағында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы −2…−4 градус, күндіз +9…+11 градус болады.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градус күтіледі.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +4…+6 градус, күндіз +16…+18 градус болады.
Ақтөбеде күн ашық болады. Түнде ауа температурасы −4…−6 градусқа дейін төмендейді, күндіз +16…+18 градусқа дейін жылынады.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде +7…+9 градус, күндіз +17…+19 градус күтіледі.
Атырауда да күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3 градус, күндіз +17…+19 градус болады.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура −1…−3 градус, күндіз +13…+15 градус болады.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Тұман күтіледі. Түнде −2…−4 градус, күндіз +7…+9 градус болады.
Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз жел екпін алады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +6…+8 градус күтіледі.
Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +12…+14 градус күтіледі.
Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы −2…−4 градус, күндіз +10…+12 градус болады.
Қызылордада аздаған бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3 градус, күндіз +15…+17 градус болады.
Павлодарда күн құбылмалы бұлтты болады. Күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +7…+9 градус күтіледі.
Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз жел екпін алады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +7…+9 градус болады.
Семейде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −3…−5 градус, күндіз +7…+9 градус күтіледі.
Талдықорғанда түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түседі. Күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +9…+11 градус күтіледі.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде −1…−3 градус, күндіз +11…+13 градус болады.
Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +16…+18 градус күтіледі.
Оралда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде −1…−3 градус, күндіз +14…+16 градус болады.
Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы −4…−6 градусқа дейін төмендейді, күндіз +6…+8 градус болады.