Сондай-ақ Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Республика күнімен құттықтады
Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Биыл мамыр айында Астанаға жасаған сапарым барысында бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойдық. Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысында өзара қарым-қатынасты нақты қадамдармен бекіте түсеміз. Біз тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізіп, инвестициялық байланыстарды жандандыруға ниеттіміз», – деді Түрік елінің басшысы.