Ол жоспарды жазуға ғалымдар тартылады
Президент ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайтын құжат әзірленетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұған дейін айтқанымдай, еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басып келеді. Осы бетбұрыс кезеңінде ұлттық жоспарлар мен стратегияларды қайта қарап, олардың тиімділігіне сыни тұрғыдан баға беруіміз керек. Тәуелсіздігіміздің келесі маңызды белесіне қандай нәтижелермен жететінімізді нақты түсінуіміз қажет. Ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау арқылы бүгінгі міндеттеріміз бен басымдықтарымызды белгілеп, егемен даму жолымыздан таймай, алға қойған жоспарларымызды жүзеге асыра аламыз», - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, ғылыми орталықтарды, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын тарта отырып, бір жыл ішінде ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайтын құжат әзірлеуді тапсырды.
Президент осындай маңызды құжатты әзірлеуге депутаттар да өз үлесін қосады деп сенім білдірді