Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 28-30 қазан күндері Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияр желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Анкарада мемлекет басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.
«Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады», – деп жазады Айбек Смадияр.