Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Жолда қауіпті маневрлер жасаған Toyota және Honda маркалы автокөліктерінің жүргізушілері бірден тәртіп сақшыларының назарына іліккен

Фото: скриншот

Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері Сейфуллин көшесі бойында көлік жарысын ұйымдастырған екі жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолда қауіпті маневрлер жасаған Toyota және Honda маркалы автокөліктерінің жүргізушілері бірден тәртіп сақшыларының назарына ілікті.

Мән-жайды анықтау және тексеру барысында екі жүргізушінің де рөлге мас болып отырғаны сараптама арқылы расталды.

Сейфуллин көшесінде жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзып, өзге көліктерге қауіп төндіре отырып жарысқан. Ішімдік ішіп, көлік басқарған азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.