Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Жаңа халықаралық маршрут Мемлекет басшысының елдің транзиттік-авиациялық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды

Фото: © istockphoto.com

Республика күні қарсаңында «Air Astana» әуе компаниясы Астанадан Оман Сұлтандығының Салала қаласына алғашқы тікелей рейсті іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік күнмен тұспа-тұс келген жаңа халықаралық маршрут Мемлекет басшысының елдің транзиттік-авиациялық әлеуетін арттыру және халықаралық ұшу географиясын кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Сондай-ақ бұл қадам 2026 жылдың 6 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың кездесуінде қол қойылған үкіметаралық келісімнің заңды жалғасы.

Салтанатты шараға Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, «Air Astana» аға вице-президенті Ерболат Байсалықов, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басшылығы мен Оман Сұлтандығының елшілік өкілдері қатысты.

Астана – Салала бағыты бойынша алғашқы рейс Airbus A320 ұшағымен орындалып, 140 жолаушыны тасымалдады. Ұшақтағы орындардың барлығы толық сатылған. Ал Алматы – Салала бағыты бойынша алғашқы рейс бір күн бұрын, 23 қазанда жүзеге асып, билеттер түгел сатылған. Сонымен қатар SalamAir әуе компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша да тұрақты рейстер орындайды.

Ұлттық әуе тасымалдаушының маршруттық желісіне Оманның екі бірдей жаңа бағытының қосылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік байланыстарға серпін бермек.