Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX акциясын сыйламақ

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды

Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX акциясын сыйламақ
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Америкалық кәсіпкер, SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 2027 жылы АҚШ-тағы әр балаға компанияның бір акциясын сыйлауға уәде берді. Оның айтуынша, бұл оның ауқымды идеясы мен мақсатының басы ғана. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Келесі жылы Америкадағы әр балаға SpaceX акцияларымның бірін сыйлаймын. Бұл тек бастамасы ғана», – деп жазды Илон Маск.

Ашық дереккөздерде жазылғандай, әлемдегі ең ауқатты адамның иелігіндегі SpaceX компаниясының шамамен 6,4 миллиард акциясы бар. Ал АҚШ-та 18 жасқа толмаған шамамен 72 миллион бала бар. Егер бір акцияның құны орташа есеппен 146 доллар болса, Масктың бұл сыйлығының жалпы құны шамамен 10,5 миллиард долларға жетуі мүмкін. Алайда кәсіпкер акциялардың балаларға қалай таратылатынын, кімдерге берілетінін және рәсімдеу тәртібі қандай болатынын әзірге нақтылаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Илон Масктің SpaceX-тегі акциялары қымбаттап, оның байлығы 1,046 триллион долларға жетіп, әлемдегі алғашқы триллионер атанған еді.