Әскери реформаның негізгі шаралары жыл соңына дейін және келесі жылы жүзеге асырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Қарулы Күштерді жаңғырту жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отырыстан белгілі болғандай, Қарулы Күштердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын қабылдау, сондай-ақ Конституциядағы «Заң мен тәртіп» қағидатына сай тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру реформаның маңызды бағыттарының бірі болмақ.
«
Жоспарда көзделген ұйымдастыру шаралары осы жылдың соңына дейін, ал негізгі тұжырымдамалық шаралар келесі жылы іске асырылады. Жиын барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Президент әскери қауіпсіздік бүкіл мемлекетке ортақ міндет екенін, сондықтан барлық мүдделі органнан үйлесімді жұмыс істеу талап етілетінін ескертті», - деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.