Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда күннің бірінші жартысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«28 қазанда күннің бірінші жартысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауымды жариялауды жоспарлап отырмын.
Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.