Бірінде ауру орташа деңгейде өтіп жатса, енді бірі жеңіл түрде ауырып жатыр
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Боткин ауруханасында жатқан бес адамнан маймыл шешегі вирусы табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Науқастардың жағдайы тұрақты. Бірінде ауру орташа деңгейде өтіп жатса, енді бірі жеңіл түрде ауырып жатыр.
Осыған дейін 16 қазан күні Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасы инфекция жұқтырды деген күдікпен бес адам дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлаған болатын.
Олардан бөлек тағы бес адам науқастармен байланыста болды деген күдікпен Мәскеу түбегендегі ауруханалардың біріне жатқызылды.
Роспотребнадзор жағдай бақылауда екенін хабарлады. Ведомство Ресейде вирусты анықтайтын тест жүйелері бар екенін және жұқпалы ауруларды емдейтін мекемелер қажетті жабдықтармен жабдықталғанын мәлім етті.
Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің Иркутск облысында оба тарағаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Сол сияқты агенттік тілшісі Қазақстанды қай жылдары қара індет жайлағаны туралы жазған.