Ол тыйым салу неге кері әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді
Экс-министр, Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов репетиторлық орталықтардың жұмысын шектеу білімге деген сұранысты жоймай, қосымша сабақтардың қымбаттауына және қолжетімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ол бұл туралы Telegram арнасында жазды.
Оның айтуынша, репетиторлық орталықтарға қатысты жиі шағым айтылады. Олардың жұмысына тыйым салу, қызметін қатаң реттеу керек деген ұсыныстар да бар. Бірақ, депутат атап өткендей, бұл нарықтың дамуына мектеп мен мұғалімдерді кінәлайтындар, конкурстық іріктеу арқылы қабылдайтын оқу орындарымен байланыстыратындар бар.
«Конкурстық іріктеуі бар оқу орындары мүлде болмаған күннің өзінде, сапалы білім алуға деген ұмтылыс жоғалып кетпес еді. Балалар бәрібір ҰБТ-ға, SAT-қа, олимпиадаларға және шетелдік университеттерге түсуге дайындалар еді. Өйткені біздің оқушыларымыз әлемнің әртүрлі еліндегі құрдастарымен көбірек бәсекеге түсіп жатыр. Мұндай жағдайда жақсырақ дайындалуға ұмтылу табиғи нәрсе», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Сонымен бірге ол екі жағдайды ажырату қажет екенін атап өтті. Егер бала мектеп бағдарламасын меңгеру үшін репетитор жалдауға мәжбүр болса, бұл мектеп үшін маңызды белгі. Ал қосымша сабақтар жоғары оқу орнына түсу немесе халықаралық емтихандарға дайындалу мақсатында қажет болса, мәселенің сипаты басқа.
Асхат Аймағамбетов Оңтүстік Корея мен Қытай тәжірибесін мысалға келтірді. Оның жазуынша, Оңтүстік Кореяда жеке репетиторлыққа салынған тыйым кейін алынып тасталған. Ал Қытайда негізгі мектеп пәндері бойынша коммерциялық репетиторлық қызмет қатаң шектелгенімен, қосымша сабақтарға сұраныс сақталған. Кей орталықтар қызметін басқа атаумен көрсетіп, сабақтарды бейресми түрде ұйымдастыруға көшкен.
Осы ретте Асхат Аймағамбетов репетиторлық орталықтарға жаппай тыйым салудың орнына бірнеше шара қарастыруды ұсынды: