Қазақстан бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

10 тамызда бірнеше облыста жаңбыр жауса, кейбірінде өрт қаупі сақталады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 10 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз кей жерлерде нөсерлетеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетауда 10 тамызда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15 м/с жетеді.

Жамбыл облысының бірқатар аумағында к үндіз 10 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда 10 тамыз күні күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

10 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодарда 10 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің найзағай кезінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

10 тамыз күні к үндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, күндіз бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз күші секундына 15-20, екпіні 23 метрге жетеді. Петропавлда 10 тамызда тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, оңтүстіктен жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

10 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

10 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

10-11 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 10 тамызда найзағай күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 10 тамызда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.