Өткен тәулікте пневмониядан 15 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері пневмония диагнозы 13 121 адамға қойылды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1102 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

1 тамыздан бері ауырғандар - 13121, 152 өлім жағдайы тіркелді.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды», - деп жазылған хабарламада.