Астана-Петропавл тасжолында 81 жастағы қарияға жедел көмек көрсетілді
Пациенттің жағдайын тұрақтандырған соң, оны Бұланды ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізді
Астана – Петропавл тасжолында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған қарияға құтқарушылар дер кезінде қолдау көрсетті. Макинск қаласының Трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шақырту орнына шұғыл жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трассадағы медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлеріне көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен соң, мамандар бірден оқиға орнына аттанды. Дәрігерлер 1945 жылы туған егде жастағы әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Пациенттің жағдайын тұрақтандырған соң, оны Бұланды ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.
ТЖД өкілдері алыс жолға шыққанда сақтық шараларын ұмытпауға және денсаулық жағдайына мұқият болуға шақырады.