Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және үсік күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады
17 қазанда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Түнде және таңертең көптеген облыста тұман түседі, кей жерлерде жел күшейеді. Жекелеген аудандарда жауын-шашын, көктайғақ және үсік күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауады, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда түнде жаңбыр мен қар жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Павлодар облысында тұман күтіледі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Павлодарда да тұман болады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетеді. Батысында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысында, оңтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Жезқазғанда да өрт шығу қаупі өте жоғары.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз бұл аудандарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Абай облысында күндіз батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батысында, шығысы мен орталығында тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігі мен орталығында оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Алматы облысында түнде 1–6 градус үсік күтіледі. Алматыда түнде топырақ бетінде 1–3 градус үсік болады. Қонаевта да түнде 1–3 градус үсік күтіледі.
Жетісу облысында түнде 3–8 градус үсік жүреді. Талдықорғанда түнде үсік 6–8 градусқа жетеді.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде және таңертең желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде батысы мен шығысында 2 градусқа дейін үсік болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Түнде және таңертең батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Шымкент пен Түркістанда түнде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл болады. Бұл аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өрт шығу қаупі өте жоғары, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Қалада өрт шығу қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысында күндіз батысы мен оңтүстігінде шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Шығысында өрт шығу қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігі мен орталығында өте жоғары деңгейде сақталады.
Атырау облысында күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары, оңтүстігі мен шығысында өте жоғары деңгейде сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Қалада өрт шығу қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Орталығында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысында, оңтүстігі мен орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Батысында, оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.