Атасы мен әжесінің қарауында болған бала үйінен шығып, сол қалпында қайтып келмеген
Абай облысының Үржар ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 7 жасар бала ешкім жоқ айдаладан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, атасы мен әжесінің қарауында болған бала үйінен шығып, сол қалпында қайтып келмеген. Туыстары іздеп көргенмен, таба алмаған. Амалсыздан олар полицияға жүгінген. Бүлдіршіннің дамуында ерекше қажеттілігі бар екені де белгілі болды.
«Полицейлер дереу іздеу жұмысына кірісіп, аулаларды, көшелерді және су айдындары маңындағы аумақтарды аралап, баланың жүруі мүмкін орындарды тексерген. Сағат 16:00 шамасында полиция капитаны Азамат Дүйсебаев пен полиция аға лейтенанты Ролан Байтілеуов баланы Үржардан төрт шақырым жердегі алқапттан тапқан», – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында іздеу жұмысы сәтті аяқталды.