Олар Ауғанстаннан ірі көлемде есірткі тасыған
Ауғанстаннан «Солтүстік бағдар» деп аталатын бағыт арқылы есірткі тасымалдаған халықаралық арнаның жолы кесілді. Оларды ұстауға ҚР ҰҚК мен Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтері бірікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, арнайы операция барысында Ресейдің Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
«Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 30 кг ауған гашиші тәркіленді. Аталған факті бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, қазір халықаралық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жүріп жатыр.