БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апатқа ұшырады: ол ауруханада көз жұмды

Жолда ол рульге ие бола алмай, апатқа ұшыраған

БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апатқа ұшырады: ол ауруханада көз жұмды
Фото: freepik.com

БҚО-да Чапаев – Жаңақала – Сайхин жолында жол-көлік апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, SONLINK мотоциклінің жүргізушісі арнайы шлемсіз Жаңақала ауданына қарасты Маштексай ауылына бара жатқан. Жолда ол рульге ие бола алмай, апатқа ұшыраған.

«Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.