Саммит Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін дәл осы саммит аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездескені хабарланған.