Мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында қыркүйек пен қазан айларында 19 шетел азаматы жалған құжаттармен өтіп кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, олардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.
«Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 фактінің жолы кесілді», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.