Мамандар осыған байланысты толықтай тексеріс жүргізуді талап етті
Алматы облысының Есік қаласындағы №1 перинаталды орталықтың дәрігерлері видеоүндеу жасап, жалақыларын кешіктіріп беру әдетке айналып кеткенін, сол сияқты жұмысындағы бюрократикалық кедергілерді айтып шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандар осыған байланысты толықтай тексеріс жүргізуді талап етті.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы мәселеге қатысты белгілі бір есеп беру кезеңдерінде ұйымдастырушылық және техникалық қиындықтар туындайтынын мойындады.
«Есік қаласындағы №1 перинаталды орталық қызметкерлерінің жалақысын төлеу үшін қордан қосымша қаражат бөлінді. Ол жуырда төленеді. Жалпы алғанда, орталық жоспарланған қуатына жеткен жағдайда қаржылық жағдайын жақсарту бойынша бірлескен жұмыс жалғасады», – деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.