Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19,2 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19-дан 718 мыңнан астам адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, 8 тамызда әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 19,2 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Университет мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19-дан 718 мыңнан астам адам көз жұмып, 11,6 миллионнан астамы жазылып шыққан.

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы бестікті тұрған мемлекеттер: 

  • АҚШ - 4,9 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 161 мыңы көз жұмған; 
  • Бразилия - 2,9 миллоннан астамы жұқтырып,  99 572 мыңы қайтыс болған;
  • Үндістан - 2 миллион адам жұқтырып, 41 585 мыңы көз жұмған;
  • Ресей - 885 мыңнан астамы вирус жұқтырып, 14 698 адам қайтыс болды;
  • ОАР - 545 мыңнан астамы жұқтырып, 10 мыңға жуық адам көз жұмды.

Сонымен қатар алғашқы ондыққа Мексика (жұқтырғандар - 462 мың, қайтыс болғандар - 50 мың), Перу (455 мың адам жұқтырып, 20 мыңы көз жұмды), Чили (369 мыңға жуық адам жұқтырып, он мыңға жуығы қайтыс болды), Колумбия (357 710 адам жұқтырып, 11 939 адам көз жұмды), Иран (322 мың адам жұқтырып, 18 мыңы қайтыс болды) мемлекеттері кіреді.