Оның ұзындығы 27,5 шақырымды құрайды
Ұзындығы 27,5 шақырымды құрайтын магистраль қала көшелеріндегі кептелісті азайтып, транзиттік көлікті қала сыртына шығаруға тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырауда Солтүстік айналма автомобиль жолының құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, магистральды пайдалануға беру 2027 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Жаңа жол қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға, көлік қатынасын жақсартуға және Атыраудың ішінен транзиттік әрі ауыр жүк көліктерін сыртқа шығаруға бағытталған.
Магистральдың ұзындығы 27,5 шақырымды құрайды. Жобаның жүзеге асуы жолдардың өткізу қабілетін арттырып, автокөлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасайды деп жоспарланып отыр.