Рыбакина жанына жақын қалалар тізімін атады

Автор: Дәулет Ботагөз

Онда шетелдік қалалар да бар

Фото: ҚТФ

Рыбакина Алматыны өзінің сүйікті қалаларының бірі деп атады. Атақты теннисшінің жанына жақын қалалар тізіміне Мәскеу, Мельбурн және Лондон да енді. Олардың кейбірімен жеке естеліктер байланыстырса, кейбірі достық пен корттағы жарқын жеңістерімен қымбат, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші қытайлық жанкүйерлерге арналған жобада өз таңдауын бөлісті. Спортшы әр қаланың неліктен өзі үшін ерекше әрі ыстық екенін түсіндіріп берді.

«Мен Мәскеуді атар едім, өйткені ол жерде дүниеге келдім. Алматыны атаймын, себебі бұл қаланы қатты жақсы көремін. Ал Мельбурн мен Лондон — ол жақта достарым көп, сондай-ақ Уимблдонды жеңіп алдым», – деді Рыбакина.