Солтүстік пен шығыста жаңбыр, кей жерлерде қар жауады. Ал оңтүстік пен батыста күн жылы болады
Қазақстанда 9 қазанда ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде жаңбыр жауса, оңтүстік пен батыста күн жылы болып, жауын-шашын болмайды. Кей қалаларда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +9…+26 градус аралығында болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, түнде және таңертең аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +9…+11 °C.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +8…+10 °C, күндіз +19…+21 °C.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +6…+8 °C, күндіз +22…+24 °C.
Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +14…+16 °C.
Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +13…+15 °C, күндіз +22…+24 °C.
Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +9…+11 °C, күндіз +24…+26 °C.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +8…+10 °C, күндіз +17…+19 °C.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +5…+7 °C, күндіз +9…+11 °C.
Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады. Күндіз жел екпіндейді. Түнде +3…+5 °C, күндіз +8…+10 °C.
Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +8…+10 °C, күндіз +20…+22 °C.
Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +3…+5 °C, күндіз +12…+14 °C.
Қызылордада күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +7…+9 °C, күндіз +23…+25 °C.
Павлодарда күн бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз жел екпіндейді. Түнде +4…+6 °C, күндіз +9…+11 °C.
Петропавлда күн құбылмалы бұлтты болады, түнде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Жел екпіндейді. Түнде +3…+5 °C, күндіз +7…+9 °C.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз жел екпіндейді. Түнде +6…+8 °C, күндіз +12…+14 °C.
Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +2…+4 °C, күндіз +20…+22 °C.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +6…+8 °C, күндіз +19…+21 °C.
Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +6…+8 °C, күндіз +21…+23 °C.
Оралда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+4 °C, күндіз +18…+20 °C.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауады. Жел екпіндейді. Түнде +8…+10 °C, күндіз +11…+13 °C.