Қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Шымкентте құбыр тарту жұмысын жүргізіп жатқан екі жұмысшы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдық ішінде қалған газға уланып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.