Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ел қалаларында күндіз ауа температурасы +8-ден +24 °C-қа дейін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +11...+13 °C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9 °C, күндіз +17...+19 °C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8 °C, күндіз +21...+23 °C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10 °C, күндіз +16...+18 °C.
Ақтауда күн ала бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +13...+15 °C, күндіз +21...+23 °C.
Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12 °C, күндіз +22...+24 °C.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10 °C, күндіз +17...+19 °C.
Қарағандыда күн ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +4...+6 °C, күндіз +9...+11 °C.
Көкшетауда күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +8...+10 °C.
Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +19...+21 °C.
Қостанайда күн бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +12...+14 °C.
Қызылордада күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9 °C, күндіз +22...+24 °C.
Павлодарда күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +10...+12 °C.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +8...+10 °C.
Семейде күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +11...+13 °C.
Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3 °C, күндіз +18...+20 °C.
Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7 °C, күндіз +19...+21 °C.
Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8 °C, күндіз +21...+23 °C.
Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6...+8 °C, күндіз +17...+19 °C.
Өскеменде күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +11...+13 °C.